Воскресенье, 28.04.2024, 13:07
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость

Ата аналар жиналысының тақырыбы: « Баланың мамандық таңдаудағы ата – ананың ролі»

Мақсаты:  Жеке тұлғаның тиімді мамандық тандауда профессионалды түрде кәсіби кеңес өткізу керектігі туралы, жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау барысындағы педагог-психологтың тиімді жұмысының бағыттарымен таныстыру.

Ата аналар жиналысының  барысы:

Куратор осы тақырыпта баяндама оқыды.

Тақырыбы:Баланың мамандақ таңдау мәселесіндегі ата – ананың ролі.

  Слайдтар арқылы сауалнама жүргізілді.

Сіз қандай ата-анасыз?

1.Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасына қарамай,онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаыңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл   аудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1.Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 балл.

2.Кейде ғана келісемін - 2 балл.

3.Келіспеймін - 1 балл.

 Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16 Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 Балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Сауалнама жүргізіліп болған соң ата – аналар мен де оқушылармен де тренинг ойыны өткізілді

4. «Мен сізге жазамын.....» ойыны    /ата- аналармен/

Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларың хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің ата - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Көршіңіздің аты жазылғанқолыңызда парқ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек?

Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындай, күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін,сіз парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан соң бұл парақсол жақта отырған көршіңізге беріледі. Ал, сізге басқа ойыншының парағы беріледі, сіз сол параққа келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңызбенфамиляңыз жазылған өз парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын атқысы келіп жүргенін жазады. Ойын соңында әрқайсысы өздеріжайлы жазылған парақты оқиды. Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір - біріне деген эмоциялы жақсы қасиеттерменалмасады.

Талқылау:

1.     Өзінің басқа адамдардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдың?

2.     Қазіргі көңіл - күйіңіз қандай? Және т.б Ойын соңында психолог бұл парақта сақтап, өмірдің қиын кезеңізде қарап, еске түсіруге болатындығы жайында кеңес береді. Яғни жаныңдағы адамдар сені қалай «көңілді», «сенімді», «тәртіпті», «ойынпаз» т.б. екеніңді ойлайтынын көреміз. 

2. «Туған күн» ойыны

Мақсаты: Жасөспірімдер ортасында қарым - қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және т.б.

  Ойынның алдында жүргізуші әр қайсысына билет береді. Онда өзін қалай ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады. Егер ойынға 15-тен адам қатысса, 2 адам бір билеттен ұсынуға болады.

Билеттегі тапсырмалар:

1.     Туған күн иесі - барлық қонақтарды әңгімеге тартуға тырысады.

2.     Білгішсымақ - кез-келген әңгімеге қыстырылуға тырысады.

3.     Таласқыш - бәрімен ерегесіп, таласады.

4.     Келісімге келтіруші - кикілжіңді басуға ұмтылады.

5.     Бәріне және барлығына көңілді толмайтын адам.

6.     Асаба - туған күн иесіне көмекші.

7.     Қызық мінезді адам - кез-келген әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады.

8.     Әдепсіз адам.

Ойыннан кейін талқылау жргізіледі. Туған күн кикілжіңмен аяқталуы да мүмкін. Бірақ бұл талқылау үшін жақсы, жасөспірімдердің мінез - құлқын байқауға мүмкіндік береді.