Пятница, 17.05.2024, 17:00
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тарбие жұмыстары » Тарбие сағаттары

Қазақстан Республикасының рәміздері
[ Скачать с сервера (33.0 Kb) ] 26.11.2011, 10:20

Тақырыбы: « Қазақстан Республикасының рәміздері»

 

Мақсаты:

-         Оқушыларға  Қазақстан Республикасының  рәміздері  туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге  тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының  рәміздері.Н.Ә.Назарбаевтың портреті ,Қазақстан Республикасының картасы.

 

Барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

 

Мұғалімнің  кіріспе әңгімесі:

-Отан деген не?

 Отан дегеніміз –адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен тұратын атамекені.Қазақ елінде  тұратын  адамдардың  Отаны-Қазақстан Республикасы.

-Балалар, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

 «Отан-оттан да ыстық»

«Туған  жердің  топырағы да ыстық»

«Отан әркімнің ары,ожданы».

-         Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.

Егеменді еліміз әлемдегі  басқа мемлекеттермен  терезесі тең,өркениетті  ел ретінде  өзінің  Елтаңбасы  мен Әнұраны ,Туын қасиетті белгілердің  мәнін әрбір  ұрпақтың терең  түсініп ,оны қастерлей  біліп, әдептілік рәсімдерін  орындау  борышымыз.

 

Қазақстанның елтаңбасында  жарқын күн  сәулесі ,көк аспан,шаңырақ,жарық жұлдыз,қанатты тұлпар, бидай сабақтары  бейнеленген. Көк аспан -кеңшілік, тыныштық, биіктің белгісі.

Ашық аспанға  тараған күн сәулелері  сәулетті, өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз  отанымыздың  жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып  тұрғанын  бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ  қазақтың  «қара шаңырақ»деген қасиетті  сөзінен алынып, шаңырақ  астындағы  халықтар  бірлігін талап етіп, халқының  қасиетті  шаңырағы  биіктеп, отбасына  күн ананың  жарығын  шашып, бақыт жұлдызының  нұрын төгіп  тұр.

-Қанатты тұлпардың мәні қазақтың  аңыз-ертегісінен  алынған. Аңыз бойынша  қанатты тұлпарға  мінген алып батыр  алты қат аспанға  ұшып, жеті қат жер астына  түсіп, халықты қасіреттерден  аман алып қалған. Еліміздің  азаттығының, жеңімпаздығының белгісі. Аспаны ашық жұлдызы  жарқыраған, шаңырағы биік елінің перзенті болу қандай бақыт!

Көк байрақ.туымыз-халқымыздың  қасиетті ,киелі белгісі. Туымыздың көк болуы  шексіз  кеңдікті  көрсетеді.Ту ортасындағы  алтын күн-халқымыздың  азаттық күні.Алтын күнді қанатымен  жебеп,қыран құс  ерлік белгісі. Кең- пейілділікті білдіреді.Ту шетіндегі ою -өрнек  қазақ елінің  танымын,қасиетін көрсетеді. Туымызды  қастерлеу-халқымызды қастерлеу.Ұлттық әдептілік  қасиеттердің  бір үрдісі –ел Туын елжірей сүйіп,құдірет тұтып,құрметтей білу  болып  табылады. Әрқашанда  төбемізге көтеріп ,тәлім алып көк байрақ –Туымызға тәжім етеміз.

Көк  байрақ –Туымыз,

Жарасқан байрақтың  мәні бар,

Көк аспан,қыран сәні бар,

Көк байрақ –ашық көк  кеңісім.

«Әнұран»

Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Жүрсем егер дүние  кезіп.

Туымыздың  көне күнін,

Даламыздың байтақ үнін ,

Ол әні ғой   жүрегімнің

Мың қайталап  айтам мұны.

«Елтаңба»

Қатар  шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы  елімнің

Елдігімнің белгісі,

Мұнда да бар ерлігім,

мұндада бар жер күші.

«Біздің ту»

Айнымайды  аспаннан

Біздің  тудың бояуы,

Оны халық  қашан да,

Биікке іліп қояды.

Жанатындай өзі отта,

Жалын шарпып  бетіңді.

Туымыз да  қазақша

Сөйлеп тұрған секілді.

Туымызға  жас тұнған,

Бір қарамай өтпейміз,

Сол көк тудың астында 

Көгереміз көктейміз -,деп отыра біз бүгіргі күнге арналған шағын сынып сағатты аяқтаймыз.


 

Категория: Тарбие сағаттары | Добавил: raya
Просмотров: 11771 | Загрузок: 359 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Лайлим  
0
erkejan

Имя *:
Email *:
Код *: