Суббота, 11.05.2024, 18:04
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Тарбие сағаттары » Тарбие сағаттары

Туған табиғатымызды көркейтейік.
Куратор сағатының тақырыбы: Туған табиғатымызды көркейтейік.
Куратор сағатының мақсаты:
1.    Табиғатты  аялауға, қоршаған ортаны  және ортаны ластанудан қорғауға,  
табиғатты қорғау әр адамның міндеті  екенін  ұғынуға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке, , ізгілікті, экологиялық  білімді  және  мәдениетті болуға үйрену.
2.    Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, басқа рөлде бола білуге қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қағаз, маркерлер.
Куратор сағатының барысы:
1.    Ұйымдастыру.
2.    Семей табиғаты туралы қысқаша шолу.
3.    Оқушыларға болжамдар туралы айту, жұмбақ шешу.
4.    Оқушылармен жекелеме жұмыстар жүргізу.

Ұлағат сөздер

Табиғат - әр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап.
И.Гёте
Егер орнына ештеңе салмай, таудық тасын ала берсең, күндердің күнінде тау да құлайды.
Рашид ад-Дин
Ағаштың, жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа.
Спйф Сарайи
Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та адамға тәуелді, Табиғат адамды тудырса, адам табиғатты жақтыртады.
А. Франс
Семей қаласы Орта Азиядағы Қазақстан Республикасы мемлекетінің Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.        
       Семей қаласының тарихы сан қилы. Қилы заманды басынан кешкен ескі қала Семейдің бауырында небір тарихи оқиғалар жатыр. Кейбіреулер жеті шатыр деп атаған Семей қаласында өткен жылдардың тізбегі де, сол жылдардағы ел даналығы да қазақ халқының тағдыры да түйіскен.
Семей қаласы орналасқан жер қыртысы негізінен алғанда жазық дала деуге болады. Дегенмен қаланың жарты бөлігі аса биік емес дөңде орналасқан, бұл кезінде жоңғарлармен шайқаста ыңғайлы болған деседі. Жазық даланың ауасы да жазық, яғни күні бойығы соғып тұратын самал жел ауаны үнемі тазартып тұрады, сондықтан семейліктер таза ауасымен үнемі мақтана алады. Ертіс ағысында орналасқан артезиан ұңғымаларынан су қалаға таратылады. Ал қаладан 19 шақырым жердегі қылқан жапырақты орман ішінде таза бұлақ суы да бар. Оның емдік қасиеті ел ішіне тараған. «Әулие Бұлақ» христиан дініндегілердің де, мұсылмандардың да жиі баратын орыны. Қақаған аязда бұл жердегі су сырғып ағып жатады. Су үнемі тазарып микроэлементтермен толығып тұрады. Осы жерге тек отандық туристер ғана емес, ресейден де қонақтар келіп суына шомылып, ем қабылдап кетеді…
Семейге келген әрбір қонақ Шүлбі су қоймасында болып, оның қарағайлы құмында демалуды ұмытпаулары керек.
Қазіргі кезеңде Семей қаласы жылдан жылға көркейіп келеді. Сонымен қатар, адамдар қызықтайтын, демалатын орындар көптеп кездеседі. Мәселен Семейдің аспалы көпірі, биологиялық орталық, аквапарк және т.б.
О,табиғат, қандайсың,
Тіл жете ме сыйыңа.
Қыр гүліндей жайнайсың,
Ақыл беріп миыма
Адамзаттың керегін
Өзің берін тұрасың.
Жұтсаң ауа, ішсең су
         Табиғатым тумасың.
Қазақ халқы жан жануарларға, құстарға және т.б қарай отырып келешектегі ауа райын болжап отырған. Экранға қарайық. Сіздердің алдарыңызда бірнеше болжамдар көрсетілген.
1.Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, жаңбыр жауып,
жел болады.
2.Құстар ертелете жем іздеуге шықса, күн жауын-жашын болады.
3.Далада көкектің "көкек-көкек” деген дауысы жиі естілсе,
алдағы күндер ашық болады.
4.Шағалалар өзен, теңіз бетінде ұшып жүрсе,күн ашық болады.
Егер жиекте жүрсе,күннің бұзылғанының белгісі.
5.Балықтар су бетінде шорши ойнай бастаса, жауынның белгісі.
6.Ай шалқайып туса, өзіне жайлы, шаруаға жайсыз.
7.Ит арлы берлі аунаса, күн боранды, қатты жел болады.
Енді балалар, бірер жұмбақ шешейік;
Күн күледі, жер түледі.
(Көктем)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)                              
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады,
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ-тоқ-тоқ соғады
(Тоқылдақ)
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жануар-жәндік тұрмақ, тіпті көктемде көктеп, күзде қурайтын өсімдіктің де өзіне тән жаны, мінезі бар көрінеді. Өсіп, жайқалып түрған жапырактарға биолог ғалымдар ультра жазу аппараттары арқылы мынадай қызықты тәжірибе жасапты.
Сабағына арнайы байланыс кұралын орнатып, өздері жапырақты жұлуға қол созған. Сөйтіп, жапырақты ұстағанда, экранда қорқыныш дірілі пайда болған. Одан әрменгі оқиға былайша ербіген:
-    Қауіп-қатер төнді!
-    Тірі қаламын ба, жоқ па?
-    Жарақат салды!
-    Құрыдым!
Жапырақты жұлып алғанда, экрандағы қорқыныш дірілі де жоғалған. Яғни бір ғұмыр үзілді.
Міне, көрдіңдерме? Яғни біз бір жапырақ жұлғанның өзінде табиғатқа қасірет әкеледі екенбіз. Ал, біз өзіміздің табиғатымызды көркейте білуіміз қажет. Табиғатты көрсейту үшін өз ойларыңды ортаға салсаңдар.

Сіздер тақтадағы сұрақтарға үш түрлі көзқараспен, яғни бір бала үш рөлде кіре отырып, жауап берулеріңіз қажет.
Менің ойымша....
Достарымның ойынша...
Ата – анамның  ойынша ...
Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар? 1.Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі. 2.Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.3.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады.
Туған табиғатты қалай көркейтуге болады? Жауаптар: Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу.
2.Табиғат – тіршілік бесігі. Сондықтан табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болу парыз. Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
Жауаптар:Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау;
Табиғатты аялап ұстау, Бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың ойын тыңдау.

Қорытындылау

Мұрат емес, озғаным, озбағым,
Кімге керек азған соң, тозған арың?
Айналайын Адамдар, аялаңдар.
Туған жердің ырысы мол табиғатын

Бүгінгі  куратор сағатымызды мынадай өлең жолдарымен

Алтын дәнді даламыз бар,
Ақ күмістей қаламыз бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің, туған өлкем!
Сұлу табиғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін қорғау -  парыз.
аяқтағым келеді...


Категория: Тарбие сағаттары | Добавил: raya (07.05.2012)
Просмотров: 12059 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 1
1 айнара  
0
сізге алғысымды білдіремін.керемет (((((деп ойлап қалмаңыз өтірік айтам)))))

Имя *:
Email *:
Код *: