Пятница, 19.04.2024, 09:25
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость

Педагог-ұйымдастырушы-куратор

Оқу-тәрбие жұмыстарын мазмұнды, үлкен даярлықпен, жауапкершілікпен ұйымдастырып, уақытпен санаспай, жүзеге асырушы басты тұлғалардың бірі – педагог -ұйымдастырушы-куратор. Шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, өмірлік тәжірибелерін үзік сырлармен өрнектеп, алдыңғы толқын ағалар өмірін үлгі етіп, күрделі тіршілік туралы ақын-жазушы шығармаларымен таныстырып, оқытып, дамытады. Педагог - ұйымдастырушы-куратордің еңбегі еш кетпейді. Оқушының күнделікті сабақтарға қатысуына, тәрбие жұмыстарына белсене араласуына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарына үлес қосуына, үйірмеге, әдебиет пен өнерге ынталануына, ғылым мен техникаға қызығуына куратордың  тигізер ықпалы да мол.

                        Педагог - ұйымдастырушы-куратореңбектеріне қарай, өз уақыттарын тиімді жұмсай білулеріне орай шартты түрде екіге бөлуге болатындығын бақылаулар, тәжірибелер көрсетеді:

     Бірінші топ – күнделікті талаптар деңгейінен шыға алмайтын, еңбегін ғылыми-әдістемелік негізде ұйымдастыра алмауынан ортақ жүктемеде жұмыс істейтіндер. Өз еңбектерінің нәтижелеріне өздері қанағаттанбайды,  шәкірттеріне риза емес, сынып жетекшісінен босағысы келетіндер. 

     Екінші топтағылар - жоспарлы, жүйелі, асықпай еңбек ететіндер, шәкірттерімен ақылдаса, әріптестерінен үйрене, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеп, көпшілікті іске араластырып, өзі де ізденіс үстінде жүретіндер.

Бірінші топтағы сынып жетекшілерінің іс-әрекеттерін талдасақ, сәтсіздіктің себебі олардың жұмыс көлемдерінің молдығынан емес, өзара байланыспастан, оқушылардың еңбектеріне бағыт бере білмеулерінен, сапасыз еңбектен, дайындықтарды уақытында жүргізбей, кездейсоқ табысқа ие болуды көздеулерінен.

 Ал екінші топтағы педагогтар өздеріне көмекшілер таба біледі, оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, олардың мүмкіндіктерін, ынтасын ескеріп, нәтижелерін болжап, өткендеріне жүйелі түрде мінездеме бере алады.

            Бала - адам өмірінің жалғасы болғандықтан, оның дамуы мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын  мәселе емес. К.Д. Ушинский баланы барлық жағынан танып білудің қажеттілігін көрсете келіп: «Кім де кім оқытамын десе, ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек» деп үйретті. Оқушының дамуы мен қалыптасуы тұрақты үрдіс емес. Бұл жағдай баланы үздіксіз зерттеуді талап етеді. Зерттеу жұмыстары әр уақытта баланың ойын, еңбек, оқу іс әрекеттері кезінде жүргізіледі.

            Менің ойымша, ұжымды зерттеу үшін ұйымдастырушылық қабілеті күшті болу керек. Ол үшін тренинг сабақтар көп өткізілуі тиіс деп есептеймін.

            Тренинг сабақтың мақсаты:  ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларын бөлісіп, ашық айтуға оқушыны дағдыландыру. Ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілеті дамып, өздігінен қорытынды жасауды үйренеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның болашағы мектеп оқушылары болатындықтан, оларды көшбасшылыққа, қандай жағдайда да іскер, сенімді шешім қабылдай алатын жан жақты дамыған болашақ кемеңгер болуға баулу керек. Сол себептен тренинг және тренинг жаттығулары арқылы мақсатқа жетуге болады. 

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Смагулова Р.А.