Четверг, 02.05.2024, 11:33
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Тарбие сағаттары » Коммуникативті ойындар

Қараңғы геометрия

Тақырыбы: Қараңғы геометрия

Мақсаты: оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын, ойлау қабілеттерін, ұйымшылдығын, бір-бірене деген сыйласымдылығын, шыдамдылығын арттыру сонымен бірге әлсіз және күшті жақтарын сезіндіру.

Жаттығудың түрі: тренинг түрінде.

Көрнекіліктер: көз байлам, ұзын жуан жіп.

Жаттығудың барысы:

«Климат» жаттығуы

Жаттығуға нұсқау:

Қазір әрбіреуіңіз өздеріңіздің көңіл күйлеріңізді ауа- райымен сипаттап беріңіздер.

Негізгі кезең:

            Оқушыларды топқа бөлу немесе бір ғана топ құру. Бұл жаттығу топпен жұмыс жасауға, әсіресе ортақ шешім қабылдай алатындарға өте ыңғайлы. Осы жаттығу кезінде оқушылардың бір-бірімен тіл табысуы әлде қайда жақсара түснді және бір-бірінін сөзін бөлмей тыңдай алады.

Тапсырма:

1. Оқушылар,  қолдарын соза тұра шеңбер құрады. Барлығы көздерін жабады немесе көз байламмен байлайды. Ұзын жуан жіпті оқушылардың айналасына тастау керек. Ал, оқушылар оны іздеп табуы керек.

2. Келесі кезекте осы жуан жіпті тауып алып, барлық оқушылар осы жіптен екі қолдарын алмай және жерге түсірмей геометриялық форма жасауы керек.

3. Оқушыларға нақты тапсырма берілуі керек. Мысалы: үшбұрыш жасау, квадрат т.б.

4. Оқушыларды сырттай бақылай отыра, бірнеше минут өткенен кейін қандай да бір геометриялық форма жасалып жатқанын сезіне алдындар ма?- деп сұрау керек. Егер, оқушылар жоқ десе, өз мақсаттарына жетуі үшін еңбектену керек екенін айту керек. Егер, иә десе онда тапсырманы орындай алды деген сөз. Оқушылар жасаған геометриялық формаларын жіптен қолдарынан алмай жерге қойып, бір адым артқа шегініп көздерін ашып қарауға болады. Оқушыларға 2-3 минут уақыт қорытындылауға беріледі.

5. Міне сендердін тапсырмаларын осындай болды. Сендер құрай алдындар қандай бір геометриялық форманы:

·         Тең бүйірлі үшбұрыш

·         Трапеция

·         Эллипс

·         Алтыбұрыш

            Қорытынды кезең (10-15 минут):

 Тренинг соңында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.

·         Ойын кезінде қиындықтар туындады ма? Егер иә болса, неге және ұашан?

·         Қандай да бір сезім ойын кезінде туындады ма? Ол болуы мүмкін сіздің ойынызды тындамай, ойынбарысыда ескермеуі.

·         Осы ойынды кім басқарды деп ойлайсыз?

·         Ойын ұйымдастырылды ма?

·         Ойын барысында өз-өзінізді қалай сезіндіңіз?

·         Не бөгет жасады деп ойлайсыз?

·         Ашуыңызға келді ме?

·         Өкінішіңіз бар ма?

·         Егер осы ойын қайтадан өткізілсе, қалай ұйымдастырар едіңіз?

«Климат» жаттығуы

Жаттығуға нұсқау:

Қазір әрбіреуіңіз өздеріңіздің көңіл күйлеріңізді ауа - райымен сипаттап беріңіздер.

Категория: Коммуникативті ойындар | Добавил: raya (22.11.2011)
Просмотров: 1668 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: