Четверг, 02.05.2024, 07:38
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Тарбие сағаттары » Тарбие сағаттары

Бір минуттың бағасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:   Бір минуттың бағасы

Тәрбие сағатының мақсаты:   

1.      Уақыттың құнын шынайы сезінуге, оны тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу; достарының, үлкендердің ,өзінің уақытын, оның әрбір сәтін қадірлей білуді үйрету;

2.      Оқушылардың өз уақыттарын үнемді пайдалана білуге тәрбиелеу

3.      Адам өміріндегі уақыттың бағасын бағалай біле отырып сана сезімдерін дамыту

Тәрбие сағатының түрі: дәстүрлі сабақ

Тәрбие сағатының көрнектілігі: слайд «Бір минуттың бағасы», интерактивтік тақта

Тәрбие сағатының барысы:

1.       Ұйымдастыру

2.      Уақыттың құны қанша?

3.      Ұлы ғалымдардың сөзінен үзінді.

4.      Қорытындылау

Уақыттың құны қанша?

Өз уақытың мен өзге адамның уақытын қадірле және бағала: кешігу –ол әдепсіздік; уақытында бәрін істей біл.
Күн сайын таңертең сіздің есепшотыңызға 86 400 доллар салып, кешке қарай сіздің күндіз пайдаланып үлгермеген ақшаңыздың қалдығын қайтарып алып отыратын банк бар деп ойлаңыз.
Сіз қайтер едіңіз? Әрине, күн батқанша есебіңіздегі бар ақшаны алып, пайдаланып біткенше тыным таппас едіңіз.
Біздің әрбірімізде сондай банк бар. Ертең ертемен ол банк сіздің есебіңізге 86 400 секунд салады. Әрбір кеште ол банк пайдалы іске жаратпаған уақытты сіздің есебіңізден алып, жоққа шығарып отырады. Бұл банк есепбегі ақшаны жинақтауға, сақтап отыруға мүмкіндік бермейді. Күн сайын бізге жаңа есеп ашып, түнде жоғалтқанымызды жойып отырады. Ештеңені қайтаруға, өзгертуге болмайды, ертеңге қалдық қалдыруға болмайды.
Біз бүгінгі күннің қазіргі депозитімен өмір сүреміз. Оны барынша денсаулық, бақыт пен табысқа жұмсаған дұрыс. Уақыт өтіп жатыр. Оны күн батқанша барынша пайдаланып қалу керек.
Уақыттың құнын шынайы сезінуге болады.

 Бір жылдың қадірін  екінші курсқа жіберілмеген студенттен сұра

Әрбір студент жылдық қорытынды бойынша емтихан тапсырарда, бір жылғы оқудың қадірін айтып бере алады.

Бір айдың қадірін білім кесіндісін тапсыра алмаған оқушыдан сұра
білім кесіндісін тапсыра алмаған оқушыдан бір айдың өзі үшін қаншалық қымбат екенін біледі.

Бір аптаның қадірін білім апта сайын шығатын газет редакторынан сұра

Әрбір редактор апта соңында газет шығарарда өткен бір аптаның қадірін айтып бере алады.

Бір күннің қадірін Аяз ата сыйлық әкелетінін күткен баладан  сұра

Әрбір бала ертең Аяз ата сыйлық әкелетінін күткендегі күнінің қаншалық қымбат екенін айтып бере алады.

Бір сағаттың қадірін  сүйіктісін күткен ғашықтан  сұра

Кез-келген ғашық жан сүйіктісін күтіп тұрған бір сағатының құны қанша екенін біледі.

Бір минуттың қадірін  поезға үлгермей қалған жолаушыдан  сұра

Пойызға үлгермей қалған адам үшін бір минуттың да құны бар.

 Бір секундтың  қадірін  жол апатына ұшыраған адамнан сұра

Кез-келген жол апатына ұшыраған адам бір секундтың құнын біледі.

 Бір миллисекундтың  қадірін  олимпиада жеңімпаздарынан  сұра

Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген кез-келген чемпион бір секундтың жүзден бірінің құнын біледі.

Уақыт ешкімді күтпейді. Сондықтан уақытты, әсіресе достарыңыздың  жанындағы уақытты, оның әрбір сәтін қадірлей білуді үйренген дұрыс.
Уақыт – жалғыз ғана орны толмас асыл қазына, біз үшін уақыттай тегін берілетін, бірақ уақыттай қымбат тұратын ештеңе жоқ.
Уақыт ешкімді күтпейді.

Кеше – тарих қойнауына еніп кетті.

Ертеңгі күн – жұмбақ.

Бүгінгі күн – уысымыздағы сыйлық.

Түсінген адамға кандай сөздер....

Ø  Лұқпан хакім қартайып, өлерінде: "Есіктегі басым төрге жеткендей болған жоқпын", - деген екен.

Ø  "Ағарып атқан әрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсетеді", - депті Омар Хайям наурыз хадистерінде.

Ø  "Өмір ойын сияқты, біреу күресу үшін келеді, біреу саудаласу үшін, ал ең бақыттылары қарап тұру үшін", -депті Пифагор.

Ø  Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан ақшамен тең, кісінің кісілігі уақытты сезінуден басталады", - депті бизнесті насихаттаушы англиялық Кэссон.

Ø  Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі - уақыт, екіншісі - үндемеу. Өткенге қарап басыңды и, ертеңге қарап білегіңді сыбан, - деген.

 

Лұқпан хакім қартайып, өлерінде: "Есіктегі басым төрге жеткендей болған жоқпын", - деген екен. Өмірдің байқаусыз зырғып өте шығатынына мысал бұл Бір күнің өткенде жай ғана бір күнім өтті деме, өмірімнің бір бөлігі өтті де. Солып, төгіле бастаған гүл жапырақтарына қарап, кейін сен де солай болатыныңды ойла.

Жаңа күнге жеңетініңе сенімді күреске, жаңа өмірге кіргендей жарқын көңілмен кір. "Ағарып атқан әрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсетеді", - депті Омар Хайям наурыз хадистерінде.

Дұрыс пайдалана білгендерге өмір қысқа емес. Дұрыс пайдалана білмегендерге уақыт жетпей қалған сияқты болады. Тығырыққа тірелдім деп түңілгендер - өзіне берілген уақытты өздері қысқартып жүргендер. Өмірден өш алғысы келгендер өзіне-өзі қол жұмсайды, өзіне-өзі наразы адамдар өмірден өш алғысы келгендей етіп жұмыс істейді.

Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі - уақыт, екіншісі - үндемеу. Өткенге қарап басыңды и, ертеңге қарап білегіңді сыбан, - деген.

Өмір мейрам емес, сондықтан өмірде ылғи көңілді бола беру мүмкін емес. Біз таңданумен, үміттенумен, сүюмен өмір сүреміз. Өмір заңы - алда атқаратын іс көп, көретін қызық көп.

Өмір сұрқай дейміз біз. Өмірді сұрқай ететін өзіміз. "Өткеніңнен қызулы от алуың да, өртеніп біткен күл алуың да мүмкін", - деген Жорес.

Уақыт өтіп бара жатыр дейміз біз. Талмудта: "Уақыт өтіп бара жатқан жоқ, уақыт тоқтап тұр, біз өтіп бара жатырмыз", - дейді. Нақ осы ойды Лев Толстой былай айтыпты: "Дүниеде жүрмін деп ойлама, дүниеден өтіп барамын деп ойла".

Әпсана: Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонскийді шығыста солай атаған, Қүранда да ол "қос мүйізді Зүлқарнайын" деген атпен белгілі) бір елді жаулап алып, сол елдегі ең атақты адамды алып келіңдер, осы жерге әмірші етемін дейді. Ол елдің ең атақты адамы бұрынғы падишаның ұлы, бірақ бұл дүниенің қызығынан безіп, зиратты мекендейтін жігіт екен. Ол Ескендірге келгісі келмейді, қарсылығына қарамай, зорлап алып келеді.

- Уа, падишам. Мен сізге екі сүйек берейін, бірі патшанікі, бірі қайыршынікі, соның қайсысы кімдікі екенін ажырата аласыз ба?- дейді. Ескендір қарап көріп, басын шайқайды.

- Түбінде патша мен қайыршының арасында айырмашылық болмайтын болса, онда қайыршыдан падишаға айналудың маған қажеті бар ма?- дейді жігіт.

- Сені жұрт өз бақытын қайтарған жарымес қайыршы деп еді сен данышпан екенсің, билікті қолыңа ал, сенің қойған шартыңның бәріне көнейін, - дейді Ескендір.

Сонда жігіт:

- Уа, падиша! Сіздің қолыңыздан бәрі келетіні рас болса, онда маған өлмейтін өмір, қартаймайтын жастық, сарқылмайтын байлық, қайғыға айналмайтын қуаныш бер.

Осы төрт шартымды орындасаң, елге әмірші болайын дейді. Ескендір өзінің айтқандарының бәрі бола бермейтінін, жер жүзін жаулап алу ниетінің мағынасыз екенін осы жолы түсінген екен деседі.

Өмір қарызға берілген нәрсе сияқты, қандай қарызды болсын қайтаруды ұдайы есте сақтау керек.

Өзіне-өзі жаны ашымайтын адамға көмектесудің пайдасы жоқ. "Сатылап көтерілгісі келмейтін адамды онымен сүйретіп шығара алмайсың", - деген Эндрю Карнеги. Саған баспалдақ ұсынса, онымен көтеріп шығармады деме. Баспалдақпен көтерілуге жүрегі дауала-майтындардың одан түсуі тіпті де қиын болады.

Айнаға өкпелеме. Ұрпағың - айнадағы өзің. Ұрпағыңа бүгін еккеніңді бірнеше жылдардан кейін аласың: мінез, тағдыр, келешек.

Балаларыңа жәрдем бере тұрып, оларды өздеріне өздері жәрдем беруін талап ет, әйтпесе оларда кедергіні бұзу қабілеті табандылық, мінезділік болмай қалады. Байқайсың ба, құс балапандарына аузымен тамақ береді, бірақ өз бетімен ұшуды үйрету үшін көтеріп ұшып, биікке шыққанда тастап жібереді.

Өмірде жеңіс пен жеңіліс кезек келеді. Жеңсең, әрине, жақсы. Жеңген жақтың жарасы тезірек жазылады.

Сүлеймен патшаның сақинасының сыртында "Бәрі өткінші", - деген сөз бар екен. Қиналғанда, қайғы басқанда соны көріп өзін-өзі жұбатады екен. Бір күні жазуды оқып, жұбанудың орнына ызасы келіп, сақинасын алып, лақтырып жібергенде, сақинаның ішкі жағында тағы бір жазу барын байқайды. Сақинаны алып, оқып қараса: "Бұл да өтеді", - деген сөз екен. Ащы мысқылмен Сүлеймен патша сақинаны қайта киіпті және бұдан былай қолынан тастамаған екен деседі.

Қорытындылау:

1.      Калай ойлайсыздар, бүгінгі куратор сағатымызды біз неліктен осы тақырыпта өткізіп отырмыз?

2.      Бүгінгі куратор сағатымыздан сіздер қандай мәліметтер ала білдіңіздер?

3.      Сынып сағатымыздан кейінгі көңіл күйлерінді қалай сипаттай аласыздар?

Категория: Тарбие сағаттары | Добавил: raya (22.11.2011)
Просмотров: 6137 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: