Воскресенье, 05.05.2024, 10:31
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Тарбие сағаттары » Тренинг немесе тренинг жаттығулары

« Ғарыштық жылдамдық» жаттығуы

Куратор сағатының тақырыбы: « Ғарыштық жылдамдық» жаттығуы

Куратор сағатының мақсаты:

1.      Қойылған міндетті орындау тактикасы мен стратегиясын топпен шешім қабылдау арқылы дағдыларын қалыптастыру;

2.      Топтың және оқушының өздігінен ашылуына бағдар беру.

3.      Топты ұжыммен жұмыс жасауға үйрету, топтық , ұжымдық шешім қабылдауда бірін бірі тыңдау тәрбиесіне үйрету.

Куратор сағатының көрнектілігі: доп немесе ойыншық. Сыныптағы орындықтарды дөңгелете қою керек.

Куратор сағатының түрі: тренинг, жаттығу жүргізу

Куратор сағатының барысы:

1.      Ұйымдастыру;

2.      Жаттығу шартымен таныстыру;

3.      Жаттығуды орындау;

4.      Қорытынды жасау.

Оқушыларды щеңбер бойымен тұрғызып қоямын.

Процесс:

Жаттығуға нұсқау:

1.      Допты кез-келген тәртіпте шеңбер бойымен бір бірімізге беруіміз керек. Доп әрбір қатысушыға бірақ рет түсуі тиіс. Сонымен қатар, допты оң жақтағы және сол жақтағы көршіге бере алмайсыздар. 

2.      Жаттығуды күрделендіру:

*      Тура осы жаттығуды анықталған уақытта ғана орындау;

*      «Осы уақыттан да тезірек орындай аласыңдар ма?» сұрақ қою

*      Басқа да тәсілдерді осы берілген уақытта орындау. (Мысалы, осы тапсырманы екі, үш ойыншықпен жүргізу).

3.      Қорытынды жасауда неге назар аудару қажет?

*      Жаттығудың идеясын түсінуге;

*      Басқа қатысушыларға түсінушілікпен қарауына;

*      Шешім қабылдауына;

*      Тәртібінің және қылықтарының өзгеруіне;

*      Әрбір қатысушының көңіл күйінің өзгеруіне.

4.      Жүргізушінің сұрақтары бейтарап және еркін таңдау жасауға, саралауға және фантазиясын еркін жеткізе алатындай болуы тиіс.

*      Сендердің ойларыңызша бұл жаттығудың мақсаты неде?

*      Сендер осы жаттығуды орындауда қандай сезімде болдыңдар?

*      Жаттығуды өткізу мезетінде не өзгерді?

*      Жаттығуды орындауда қандай шешімге келдіңіз? Бұл шешімге неліктен келдіңіз?

*      Бұл жаттығуды топтық деп атар ма едің? Неліктен?

Категория: Тренинг немесе тренинг жаттығулары | Добавил: raya (22.11.2011)
Просмотров: 1761 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: