Четверг, 02.05.2024, 05:24
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Тарбие сағаттары » Тренинг немесе тренинг жаттығулары

Джеффа жаттығулары

Куратор сағатының тақырыбы: Джеффа жаттығулары:

Куратор сағатының мақсаты: Бұл тренингтік жаттығу барысында талдау жасай отырып, көшбасшылығын анықтайды. Жаттығу терең және мағыналы болып келгендіктен, қатысушыларға қызықты сұрақтарды қоя отырып назар аударту қажет.

Білімділік:  Оқушының тренинг арқылы білімін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін дамыту, сөйлеу шеберлігін арттыру, топ алдында пікірін айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, адалдыққа, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Куратор сағатының типі: дәстүрлі емес сынып сағаты.

Куратор сағатының түрі: тренинг.

Куратор сағатының әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Жаттығу барысы:

1.     Плакатқа «жоқ», «иә», «мүмкін» деген сөздерін жазып қою. Плакаттар аудиторияның  әр түрлі жерлерге ілінуі  керек.

2.     Жүргізуші аудиторияның ортасында тұрып сұрақ қояды. Қойылған сұрақтардан кейін қатысушылар берген жауаптарына байланысты «жоқ», «иә», «мүмкін» деген плакаттарға барады.

3.     Жүргізіуші бұл жауапты таңдау себебін сұрайды.

4.     Өз қалауларымен қолдарын көтергендерге, жүргізуші доп лақтырады.

5.     Кім допты ұстап алса, соның жауап беруге құқығы бар.

6.     Осы жауаптан кейін ол, тыңдағысы келген адамына допты лақтырады немесе бас тартады.

Ең маңызды ереже: қатысушылар жаттығу кезінде, өзгелермен дауласуға, келемеждеуге болмайды.

Тек өз пікірлерін айтуға міндетті.

Джеффа жаттығуларына арналған тапсырма:

1.     Өз жасыңызды өзгерткіңіз келеме?

2.     Басқа ұлттың адамымен достасып, сүйе алар ма едіңіз?

3.     Сіздің ата-ананыз ұлттық дәстүрлерді сақтатуға құқысы бар ма?

4.     Ата-ананызды алдайсыз ба?

5.     Бір көргеннен құлай сүюге сенесіз бе?

6.     Ер адамдарды жоғарғы санатта деп ойласың ба?

7.     Сіздің жан ұяңыз достарыңыздан маңызды деп санайсыз ба?

8.     Жалғыздықта өмір сүре алар ма едіңіз?

9.     Елміздегі саясат сізді қызықтыра ма?

10.                Алға қойған мақсатқа жетуге болады деп санайсыз ба?

11.                Сіз үшін саны мен сапаның маңызы қандай?

12.                Күркеде жұмақ болуы мүмкін бе?

13.                Сізге зиянын тигізген адамға көмектесесіз бе?

14.                Ұялшақтыққа қалай қарайсыз?

Жағымсыз жағдайда өзіңізді кінәлі санайсыз ба?

15.                 Тағдырға сенесіз бе?

16.                 Байлық пен ақылдың қайсы артық?

17.                  Өз-өзіңізді толық білесіз бе?

18.                 Денсаулығы мықты адам өлімді ойласа ақымақтық па?

19.                 Сіз үшін шындық артық па әлде өтірік артық па?

20.                Не үшін өмір сүретінімді білемін.

21.                СПИД- пен ауыратын адамды жеке бөлмеде ұстау керек.

22.                 Республикамыздағы білім жүйесі сізге ұнай ма?

23.                Әскери борышты өтеу міндетті ме?

24.                Әлемде бізден де басқа жан иелері бар  дегенге сенесіз бе? НЛО  бар ма?

25.                 Мен өз қателерімнен сабақ аламын.

26.                Әйел адамдарға талап- тек ошақты сақтап, ана болу. 

27.                 Ет  зиян.

28.                Басқа мемлекетке көшкіңіз келеді ме?

29.                Қазіргі адамға психологиялық білім маңызды?

 

Қорытынды:

Талдау жаттығу кезінде үлкен рөл атқарады.Қатысушылар ой-өрістерін еркін дамыта алады.

Талдау үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:

1.     Сізге қызықты болды ма? Неге?

2.     Бұрын ойлмаған сұрақтарыңыз болды ма?

3.      Ойландыратын сұрақтар бар ма?

4.     Қарсы жауап берген қатысушыға деген ойыңыз қандай болды?

5.      Осы сәтте сіздің ойыңыз қандай болды?

6.     Шын ниетіңізбен жауап беретін сұрақтарыңыз болды ма?

7.     Шынайы жауап бермеген сұрақтарыңыз болды ма?

8.     Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?

Категория: Тренинг немесе тренинг жаттығулары | Добавил: raya (22.11.2011)
Просмотров: 2090 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: