Пятница, 26.04.2024, 14:58
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Тарбие сағаттары » Тренинг немесе тренинг жаттығулары

«Этика және эстетика»

Тренингтің тақырыбы: «Этика және эстетика»

Мақсаты: Оқушылардың өзін – өзі ұстауы, болашақта өздеріне керекті жақсы қасиеттерді жинақтауға үйрету.

Көрнекті құралдар: ақ парақтар.

1.     Сабақтың барысы: Куратор  оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырып, куратор сағатының маңыздылығын айта отырып, әр-бір оқушының бойына жақсы қасиеттерді насихаттау.

5 минут ішінде үш сөз арқылы «мен қандаймын?» деген сұраққа жауап дайындау керек.

2.     «Мен  - Күнмін» тренингі

Мақсаты: адам бойындағы жақсы қасиеттерді таныстыру.

Барлық балаға бір ақ парақтан таратылады. Балалар берілген параққа күннің бейнесін салып, күннің ішіне өз есімдерін жазып, ал күннің әр-бір шуағына өздерінің бойындағы өздері бағалайтын ең жақсы деген қасиеттерін жазуы керек. Әр бала өз қасиеттерін жазып болған соң, оны дауыстап оқиды.

3.     «Мен – идеалмын» тренингі

Мақсаты: балаларға болашақта өздеріне керекті жақсы қасиеттерді жинақтауға үйрету.

Балалар  бір ақ параққа адамның, жай ғана адамның бейнесін емес, идеалды адамның бейнесін жасауы керек. Яғни, парақта салынған адамның бейнесін ең керекті деген идеалды адамның қасиетеріне толтыруы керек.

         Осы тренингтен соң жүргізуші балалардан «Идеалды адам қандай болады?», «сенің бойында идеалды болу үшін қандай қасиеттер жетіспейді?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын біледі.

         «Мен қазір қандаймын? Мен қандай болуға тиіспін?» тренингі

Мақсаты: оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы деген қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.

         Оқушылар ақ парақты екіге бөледі. Бірінші бетіне «Мен қазір қандаймын» деген сұраққа өз бойларындағы барлық жақсы да жаман қасиеттерді жазуы тиіс. Ал, екінші бетке «Мен қандай болуға тиіспін?» деген сұраққа жауаптар жазуы керек.

         Тренинг барысында куратор оқушылардан тек шындықты жазуды өтінеді. Жазып болған соң, оқушылар түгелдей жазғандарын оқиды. Оқығандарын талқылайды.

         «Мен сізге ризамын» тренингі

Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.

         Оқушылар шеңбер бойына бой түзеп, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, «Мен сізге ризамын, себебі...» деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық оқушы бір-бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек.

         «Мен» тренингі

Мақсаты: оқушылардың өз менің, өзінің жеке тұлғасының мәнін, қадірін түсіне білуге баулу.

Жігер деген – МЕН!

Сенім деген – МЕН!

Күш деген- МЕН!

Сезім деген- МЕН!

Жастық шақ деген- МЕН!

Махаббат деген- МЕН!

Денсаулық деген- МЕН!

Ақыл деген- МЕН!

Дарын деген- МЕН!

Бар ғажайып деген- МЕН!

Бар байлық деген- МЕН!

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда!

Қорытынды: Сонымен қорытындыласақ, біз әрқашан тәртіпті де, мейірімді, ақылды, кішіпейіл бола білейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар! 

Категория: Тренинг немесе тренинг жаттығулары | Добавил: raya (22.11.2011)
Просмотров: 12331 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 1
1 маржан  
0
супер

Имя *:
Email *:
Код *: