Суббота, 18.05.2024, 07:22
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Педагогикалық технология » Оқытудық интенсивтендіру технологиясы

Оқу материалын схемалар мен белгілеулер моделі негізінде оқытуды интенсивтендіру технологиясы

Оқу  материалын схемалар мен белгілеулер моделі негізінде оқытуды интенсивтендіру технологиясы

Қазіргі кезеңдегі білім берудегі мақсат жан – жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр оқытушы  заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың, жаңа технологиясын шебер меңгеріп, білімі мен білігі жоғары болуы тиіс.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. Данышпан Әл-Фараби «Білімді болу деген сөздің мағынасы белгілі нәрсені ашуға қабілетті болу» деген ұғым деп атап көрсетті. Әрине, мұның өзі айтуға оңай сияқты болғанымен, іс жүзінде ерінбеген ұстаз еңбегі нәтижесінің сапалығын көрсетеді. Ұстаз үшін кедергі жасайтын әр түрлі сыртқы факторлар көптеп саналады. Атап айтсақ: қазіргі оқушылар психологиясы, физиологиялық даму ерекшелігі, ақыл- ой дамуындағы қабілеттілігі материалдық жағдайы сияқты т.б. қиындықтар кездеседі.

 Жаңа замандағы ғылыми – техникалық үрдістің қарқынды білім беру жүйесінің алдында мүлде жаңа міндеттер қойылып отыр. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең білім беруге жағдай туып отыр. Компьютер арқылы оқушылар тек қана информатика сабағын ғана емес. Басқа сабақтарды да арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп кез- келген тақырыпты оқушы өзі меңгеруге дағдылануы қажет.

Физика пәнінде компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік мол. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденіспаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызу және олардың білімдерін кеңейту, дағдыларын қалыптастыру мақсатында В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.

Мақсаты:

·                   Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендіру;

·                   Схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастыру

·                   Негізгі мәліметтердің таныстырудың ең қолайлы түрі;

·                   Берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.

Негізгі әдісі:

·                   Иллюстративті түсіндіру;

·                   Салыстырмалы саралау әдісі;

·                   Ізденімпаздық әдісі.

Оқушылардың қабілеттерін белсендіру құралдары:

·                   Схемалар;

·                   Кестелер;

·                   Кластерлер;

·                   Тірек конспектілері.

Ерекшеліктері:

·                   Материалды тірек сызбамен беру;

·                   Берілген технологияны барлық типті сабақтарға және оның әр түрлі этаптарға қолдану мүмкіншілігінің жоғарлығы;

·                   Дәріс материалдары қысқарған түрде берілуі;

·                   Оқу материалын бірнеше тақырыбын жалпылауы;

·                   Міндетті тапсырмалар бланкісі, арнайы дидактикалық материалдар жүйесі, оқулықтағы міндетті материалдарды бөліп көрсетуі.

Тірек конспектісіне ғылыми анықтама берсек – білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын, көректкенетін сызба құрал. Тірек конспектісін теориялық білім күрделі болып келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінің тәртіппен меңгеру үшін көп көмегін тигізеді.

Әдістің тиімді жақтарына тоқталсақ:

Біріншіден: оқығысы келмейтін енжар оқушына оқуға еріксіз жетелейді.

Екіншіден: Қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды. Ойлануға, ой өрісін дамытуға көмектеседі.

Үшіншіден: Қысқа нұсқа жаза отырып, білімді кеңейте, тұжырымдап дәлелдеп сөйлеуге үйретеді.

Төртіншіден: Дағдыны, сақтауды қалыптастырады.

Бесіншіден: Теорияның негізгі түйінің таба білуге. Оны дәлелдеуге үйретеді.

Алтыншыдан: Өзекті мәселені көтере білуге (не үшін, қалай, қай жерде қолданылады) деген сияқты мәселелерді қозғай білуге, нәтижелікке үйретеді.

Жетіншіден: Білімдерін бағалауға жеңілдік туады.

Сегізіншіден: Білімін тексеруге мүмкіндік артады.

Тоғызыншы: Оқушыларды өз бетінше ойлануына мүмкіндік болады.

Оныншы: Оза оқуға мүмкіндік береді.

 Тоғызыншыға тоқталсақ: Америка ғалымдары Бартоп пен Барттың айтуынша жақсы оқытушылар фактілерді материалды анықтау үшін оқушыларға берілетін сұрақтары 20%, ойланатын сұрақтары, олардың оқуға қабілеттілігін 18% болсын делік.

55% -ға мән берсек, балаға көп ойлануға мұрсат беруіміз керек. Олай болса бала тірек сигналдарға қарап көріп, есте сақтай отырып ойланады, содан кейін жауап бере алады.

Төртіншіге тоқталсақ: Егер білім тек «баяндама» түрінде (тек тыңдау) берілсе, онда 3 күн өткеннен кейін оның 25%-ы ғана есте өалады. Ал, егер «баяндама» суреттер, схемалар құру ұстау және оны талқылау арқылы берілсе, онда 3 күн өткеннен кейін оның 75%-ы есте қалады. Білім алу барысында адамның сезімдік жолдары неғұрлым көбірек пайдаланылса, соғұрлым білімнің есте сақтау саны мен сапасы жоғары болатындығы байқалады.

Оқытудың интенсивтендіру технологиясында дербес компьютерді қолдануға көптеген мүмкіншілік туғызады. Мәселен, мына №1 кестеге көз жүгітсек, оның көптеген артықшылығын байқауға болады.

Сабақтың кезеңдері

Ақпараттық құралдарды қолдану әдісі

Үй тапсырмасын тексеру

тест тапсырмалары, кесте толтыру, оқушы жұмысы сканерден өткізіліп, интерактивтік тақта арқылы тексерілуі, оқушылар даярлаған сызбаларды, кластерлерді талдау және т.б.

Жаңа сабақты түсіндіру

·        Берілген материал оқушыларға баспа түрінде беріледі.

·        Мультимедиалық құрылғы немесе интерактивтік тақтада алдын ала әдемі түстермен суреттермен даярланған тірек сигналдарымен материалды түсіндіріледі,

·        оқушы назарын негізгі маңызды мәліметтерге аудартып, оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты берге болады,

·        сурет, сызбалар, дыбыстық әсерлер, қимыл анимацияларының іске асады

·        демонстациялық тәжірибелерді көрсетуге, физикалық моделдер жасау мүмкіндігі бар.

Материалды бекіту

Тірек сызбаларды, кесте материалдарды өз бетінше оқуға дағдылану, ауызша сұрақтарға жауап беру, өтілген материалды қолдана отырып, әр дейгейдегі есептер шығару, өз беттерінше кластерлер жасау және т.б.

Үйге тапсырма беру

Оқушыларға ортақ емес жекелеме тапсырмалар беруге мүмкіншілік мол. Қажетті мәліметтерге дербес оралға мүмкіншіліктің болуы.

 Міне оқытудың интенсивтендіру технологиясын қолданып сабақтарды өткізуде оқушының іc – әрекетіне  оның ойлауына, сабаққа деген қызығушылығын  арттыруға, өзін-өзі тануына мүмкіндік жасау үшін әр мұғалімге компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін қолдану қажет деп есептеймін. Әрине, білім беру үрдісінде жаңа инновациялық педагогикалық технологиялардың басқа да түрлерін қолдану арқылы сабақтың сапасын көтеру мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды.

Олай болса, оқу үрдісінде ақпараттық технологияны, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны т.б. компьютерлік технологиялардың түрлерін сабақта пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін көтеріп, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге тәрбиелеп, дарындылықты дамытуға үлкен әсер етеді.

Категория: Оқытудық интенсивтендіру технологиясы | Добавил: raya (22.11.2011)
Просмотров: 3833 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 BrandonPargy  
0
herbal cigaretes <a href=""> https://forums.dieviete.lv/profils/127605/forum/ </a> toothache natural remedy

1 Nazym  
0
voopwe, super*)

Имя *:
Email *:
Код *: